
Бөбекжай мен отбасының өзара байланысы – баланың үйлесімді дамуының кепілі. Осы мақсатта «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Бұл күні ата-аналар тәрбие жұмысының барысымен танысып, балаларының күнделікті өмірін өз көзімен көріп, тәрбиешілермен еркін сұхбаттасты.
Шара аясында ата-аналарға ашық сабақтар, шығармашылық көрмелер, спорттық ойындар мен концерттік бағдарлама ұсынылды. Олар балаларының жаңа нәрселерді үйренудегі жетістіктерін, ортадағы өзара қарым-қатынасты және тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін көріп, жоғары баға берді. Мұндай іс-шаралар ата-аналар мен педагогтар арасындағы сенімді нығайтып, бала тәрбиесіне бірлесіп атсалысуға мүмкіндік береді.