«Құлыншақ бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Т. Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, Қ. Сатпаев көшесі, 45

«Құлыншақ бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Тұрған жері:

Қ. Сатпаев көшесі, 45

+7 777 732 34 35

Басты бет / Біз туралы

Біз туралы

Біздің балабақша туралы

«Құлыншақ» бөбекжай-бақшасы бұл әрбір бала мейірім, тәрбие, қамқорлық пен өзара сыйластықты қатар сезінетін жылы орта.

«Құлыншақ» бөбекжай-бақшасы 115 бүлдіршін тәрбиеленіп жатқан, 15 тәжірибелі педагог еңбек ететін, мейірім мен заманауи тәрбиені ұштастырған мекеме. Бөбекжай-бақша 2016 жылдың 30 қыркүйенінде құрылды.

Мекеме басшысы- Шайманова Ақзада Жүгінісқызы.

Біз балалардың эмоционалдық, әлеуметтік және шығармашылық дамуына ерекше көңіл бөлеміз.

Бөбекжай-бақшаның миссиясы:
«Әр балаға қамқорлық пен сүйіспеншілікке толы ортада тәрбиеленуге, жан-жақты дамуға жане алғашқы білім негіздерін игеруге мүмкіндік жасау»

 

Бөбекжайдың табыс жолы

Тәрбиелеу бағдарламасының жаңартылуы

Балалардың жас ерекшеліктеріне сай заманауи әдістер енгізілді. Бағдарлама шығармашылық, логикалық ойлау мен әлеуметтік дағдыларды дамытуға бағытталған.

Тәжірибелі педагогтар ұжымы

Ұжымда жоғары білімді, тәжірибелі, жанашыр мамандар жұмыс істейді. Олар әр баланың жеке дамуына ерекше көңіл бөліп, үздіксіз жетілу жолында еңбек етеді.

Ата-аналармен тығыз байланыс

Бақшада ашық есік күндері, отбасылық іс-шаралар ұйымдастырылып, ата-аналар тәрбие процесіне белсенді қатысады. Бұл серіктестік баланың дамуына оң ықпал етеді.

Инфрақұрылым мен материалдық база жаңартылды

Балабақша заманауи ойын жабдықтарымен, оқу құралдарымен, дене шынықтыру және тынығу алаңдарымен толық қамтамасыз етілген, балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығы басты назарда.

Прокрутить вверх