
Жаз – балалар үшін белсенді демалыс, ойын мен жаңа әсерлер уақыты. «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасында жазғы сауықтыру маусымы дәстүрлі түрде басталды. Бұл кезеңде балалар таза ауада көбірек уақыт өткізіп, денсаулықты нығайтатын түрлі шараларға қатысады. Тәрбиешілер ойын-сауық бағдарламаларын, дене шынықтыру жаттығуларын және қызықты серуендер ұйымдастырады.
Сауықтыру жұмыстары күнделікті режимнің бір бөлігіне айналған. Таңертеңгі жаттығулар, күнделікті серуендер мен таза ауада тамақтану – балалардың физикалық дамуына оң әсер етеді. Сонымен қатар, топішілік шығармашылық сабақтар мен табиғат бұрышында жұмыс істеу арқылы бүлдіршіндер табиғатты тануды, ұқыптылықты және жауапкершілікті үйренеді.